Ауа райы күрт құбылып, бірнеше өңірде көктайғақ болады
Ауа райы күрт құбылып, бірнеше өңірде көктайғақ болады
171
оқылды

Бұл туралы Aikyn.kz тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанның басым бөлігінде антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Батыс пен солтүстікте атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты түнде және күндіз кей жерлерде жауын жаууы мүмкін. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Желдің екпіні күшейіп, батыста түнде көктайғақ болады. Ақмола, Жамбыл, Түркістан облыстарында, күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысында, күндіз Атырау облысының кей жерлерінде жел күшейіп 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі, түнде көктайғақ болуы мүмкін. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында таңертең және күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде түнде -1 градус суық болады.