Бұл туралы Aikyn.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Шу ауданында жүргізілген арнайы операция кезінде полицейлерге атқан оқтан бір адам қайтыс болды. Қаруланған үш күдікті жол талғамайтын көлікпен келіп, арнайы жасақ қызметкерін қаққан. Олардың ізіне түскендер күдіктілерді тоқтату үшін қару қолданған.Көліктегі полиция департаменті Шоқпар станциясындағы желілік полиция басқармасының қызметкерлері «есірткі тасымалдаумен айналысады» деген күдікке ілінген.
Бірақ жол талғамайтын көліктегі қаруланған күдіктілер жоғары жылдамдықпен келіп, арнайы жасақ қызметкерін қағып өтіп, қашып кетуге әрекет еткен. Олар өз әріптестерінің ескертуін елемеген. Сондықтан көлікті тоқтату үшін қару қолдануға мәжбүр болған.«Полицейлердің есірткі жинап, оны сату үшін Құмөзек аймағына бару жоспарында бар» деген ақпараттың анық-қанығына көз жеткізу үшін арнайы мақсаттағы бөлім қызметкерлерімен бірлесе операция жүргізген. Күдіктілердің ұстау үшін Шу – Тараз тас жолын жауып, оларды ұстамақ болған.