«Қазақ рухы» көрмесі ашылды
«Қазақ рухы» көрмесі ашылды
406
оқылды

Астана Халықаралық Қаржы Орталығында «Қазақ рухы» атты монументалды көркем өнер туындыларынан тұратын көрме ашылды. Тарихы мен мәдениеті көне сақ дәуірінен бастау алған халқымыздың болмысын бейнелейтін көрмеге 12 тақырыпқа бөлінген топтамалық жұмыс қойылыпты.

Бейнелеу өнерінің көрмесін ұйымдастыру орталықтың мәдени құндылықтарға бей-жай қарамайтынын көрестеді. Бұл топтамада қазақ халқының соңғы мыңжылдақтағы дамуы, ел болып қалыптасуы, мәдениеті мен салт-дәстүрі бейнеленген.Топтаманың ең бірініші туындысында суретші кең қазақ даласын суреттейді. Ежелгі Тамғалы петроглифтерін профиль стилінде бейнелеген. Ал екінші картинадан аңшы әйелді яғни қазақ әйелінің батыл да мықты болмысын байқаймыз. Үшінші суретте Алтын Орда батырының бейнесін көрсек, төртінші картина Қазақ хандығының негізін қалаушы Керей хан мен Жәнібек ханның бейнесін суреттейді.

 Осылайша, топтамадағы туындылар өзара сюжеттік бірізділікпен байланыса келе Қазақстанның алыс-жақын елдермен дипломатиялық қарым-қатынасын көрсететін «Мәңгі көршілер» атты туындымен түйінделеді.«Көптеген Халықаралық қаржы орталықтарында осындай галереяларды көреміз. Мәселен Дубай мен Шанхайдағы орталықтарда бірнеше қабатқа жайғасқан көрме залдары бар. Бұл өз кезінде елдің мәдениетімен, тарихымен танысуға мүмкіндік береді. Біздің де мақсатымыз өнеріміз арқылы еліміздің мыңжылдық тарихы мен мәдениетін көрсету. Сол үшін де айтулы туындыларды көрмеге қойдық» дейді Астана Халықаралық Қаржы Орталығының басқарушы директоры Айдар Қазыбаев.АХҚО экспаттар мен тұрғындарды бір жерге шоғырландыратын мәдени маңызы бар орта құрмақ ниетте. Бұл өз кезегінде аймақта креативті экономиканың дамуына ықпал етеді. Осылайша жергілікте жастардың кәсіби тұрғыдан өсуіне әрі өзін жаңа қырынан танытуға мүмкіндік береді. Осы көрме сияқты басталамалар болашақта халықпен жұмыс істеудің жаңа бағытын көрсетіп қана қоймай Қазақстан әлем мәдениеті картасында өзімнің басымдығын айқындайды.Астана Халықаралық Қаржы Орталығының алаңында бұған дейін бірнеше көрме өткізілді. Мәселен биыл шілде айында AIFC Art Week аясында коллекционер-суретшілердің көрмесі болды. Онда отандық суретші Лейла Махат пен Бақытнұр Бүрдесбековтың, сондай-ақ ресейлік суретшілердің туындылары қойылды.