Маңғыстауда «KMG EP-Catering» ЖШС бас директоры пара алды деп айыпталып отыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «KMG EP-Catering» ЖШС бас директоры мен аталған серіктестіктің сатып алу бөлімінің бастығына қатысты «сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады» деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Олар азық-түлік алу және жеткізу мәселесінде оң шешім танытқаны және алдағы жасайтын қамқорлығы үшін жеке кәсіпкерден 3 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілініп отыр. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді сот қабылдайды.
https://youtu.be/0nIq-_TZq9M
KMG EP-Catering» ЖШС – Маңғыстау облысының аумағында орналасқан «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес ұйымдарын тамақтандыратын «ҚазМұнайГаздың» 100% еншілес ұйымы.