Төрт жылда 4 триллион талан-тараж болды
Төрт жылда 4 триллион талан-тараж болды
109
оқылды

Есеп комитеті 2016 жылдан бастап 2020 жылғы қыркүйекке дейінгі ара­лықтағы қызметінің қорытындысын жариялады. Біраз қызық жайт анық­талды.

«Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті осы жылдары мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу, квазимемлекеттік сектордың, меморгандар қызметінің, Ұлттық банктің активтерін, мем­­лекеттік басқару органдарының халықа­ралық міндеттемелерді басқару тиімділігі сияқ­ты әлеу­­меттік, экономикалық маңызды және тәуекелге бағдарланған бағыттар бойынша 98 (98 мың емес – авт.) аудиторлық іс-шараны жүзеге асырды», – деді ведомство.
Есеп комитетінің ревизорлары 2016-2020 жылдары аудитпен шамамен 90 триллион теңге бюджет шығынын тексеріп шығыпты. Тексе­рулер қорытындысы бойынша 4 триллион теңгенің бұзушылығы анықталды. Соның ішін­де 700 миллиард теңгесі – қаржылық бұзу­шы­лықтар. 374,4 млрд теңгенің бұзушы­лығы – бухгалтерлер еншісінде. Ең көбі – 2,5 триллион теңгені басшылар талан-тараж еткен. Комитет жалпы сомасы 452 миллиард тең­гені ғана өндіріп, бюджетке қайтартты. Аталған мерзімде министрліктер мен әкім­діктерге Есеп комитеті 1 906 ұсыным мен тап­сырма берді, оның 94%-ы орындалған.  

Айхан ШӘРІП