Сенбі күндері сауда орталықтары, базарлар да жұмыс істемейді.
Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері әлі бұл мәселе бойынша нақты шешім қабылдамаған.
Үкімет 26 қазаннан бастап Қазақстанда кинотеатрлар, сауда үйлері мен ойын-сауық орталықтардың жұмысы жанданатынын хабарлады.
Санитарлық талаптарды сақтауды да талап етті. Атап айтқанда, кинотеатрға келушілер саны залдың 30 пайызынан аспауы тиіс. Ара қашықтық пен бетперде тағу қатаң сақталуы керек. Бірақ ведомствоаралық комиссия шешімінің астанаға еш қатысы жоқ.
Себебі, 4 күн бұрын «қызыл аймақта» болған қала қазір инкубациялық кезеңін өткеруде.
Енді санитар дәрігерлер елордадағы эпидемиологиялық ахуалды сараптап, шешім қабылдайды.