Хан Шатырдағы қайғылы жағдай: Оқушының өліміне мұғалімдер жауап бермейтін болды
Хан Шатырдағы қайғылы жағдай: Оқушының өліміне мұғалімдер жауап бермейтін болды
106
оқылды

Бассейнге батып, қайтыс болған оқушының өліміне қатысты жаңа деректер жария болды.

Былтырғы оқиғаға тек қана ойын-сауық орталығының әкімшілігі жауапты деген шешім шыққан. Сот мектеп қызметкерлерін жауапкершіліктен босатқан, – деп хабарлайды АstanaTV.

Сот шешіміне наразы ата-ана мұғалімдердің де жауапсыздығын дәлелдейтін айғақ бар екенін айтады.

Оқиғадан кейін бірі – мектепке,  екіншісі – Хан Шатыр сауда, ойын-сауық орталығының әкімшілігіне қатысты екі қылмыстық іс қозғалды. Ұзақ тергеуден соң, екі іс біріктіріліп, 10 айдан соң мектеп ұжымы жауапкершіліктен босатылды. Сот педагогтарды кінәсіз деген ұйғарымға келген.

Мұнымен қыздың әкесі келіспейді. Қайтыс болған қыздың әкесі Ермек Қабылов қайғылы жағдайдан бұрын қалалық білім басқармасында мектеп жанындағы лагерьлер, су қоймаларына баруға тыйым салынған  бұйрық шыққанын алға тартып отыр.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 2019 жылы 3 маусым күні Хан Шатыр сауда ойын-сауық орталығында болды. Бассейнге 9 жастағы оқушы батып кетіп, қайтыс болған еді.

  https://youtu.be/N5CtctNrrsM