Бассейнге батып, қайтыс болған оқушының өліміне қатысты жаңа деректер жария болды.
Былтырғы оқиғаға тек қана ойын-сауық орталығының әкімшілігі жауапты деген шешім шыққан. Сот мектеп қызметкерлерін жауапкершіліктен босатқан, – деп хабарлайды АstanaTV.Сот шешіміне наразы ата-ана мұғалімдердің де жауапсыздығын дәлелдейтін айғақ бар екенін айтады.
Мұнымен қыздың әкесі келіспейді. Қайтыс болған қыздың әкесі Ермек Қабылов қайғылы жағдайдан бұрын қалалық білім басқармасында мектеп жанындағы лагерьлер, су қоймаларына баруға тыйым салынған бұйрық шыққанын алға тартып отыр.Оқиғадан кейін бірі – мектепке, екіншісі – Хан Шатыр сауда, ойын-сауық орталығының әкімшілігіне қатысты екі қылмыстық іс қозғалды. Ұзақ тергеуден соң, екі іс біріктіріліп, 10 айдан соң мектеп ұжымы жауапкершіліктен босатылды. Сот педагогтарды кінәсіз деген ұйғарымға келген.