Жарықсыз, сусыз, табиғи газсыз... қайраңда қалған ауылдар

Жарықсыз, сусыз, табиғи газсыз... қайраңда қалған ауылдар

Шымкент – еліміздегі рес­пуб­ликалық маңызы бар үшін­ші қала. Яғни, үшінші мегапо­лис. 2018 жылдың 19 маусы­мы­­на дейін Оңтүстік Қазақ­стан облысының орталығы бо­­лып келді. Оның сәл алдын­да-ақ Шымкент ірі агломера­ция­ға айналып, миллион тұр­ғыны бар қала атанған. Бүгін­де қала агломерациясы­ның аумағы 1573,5 мың гектарға жет­кен. Жал­пы Қазақстанның бас­қа қалаларымен салыс­тыр­­ғанда тұрғындары жөнінен Алматы қаласынан кейінгі екінші орын­да. Болжам бо­йын­­ша 2020 жыл­ға қарай Шым­­кент агломе­ра­­циясы хал­­қының саны 185 093 адам­ға немесе 10,3 па­йыз­ға ар­тып, 1 986 087 адам­ды құрай­ды деп күтілуде. Осы­ған орай, 2017 жылы қала ішін­­­дегі ке­дер­­гілерді азайтып, кі­­­­шігірім қалалар­дың қарқын­ды дамуы үшін Шымкент агло­ме­рация­сын аумақтық дамы­ту­дың өңір­аралық схемасы әзір­лен­ген болатын.

Сонымен, республикалық ма­ңыз­ға ие шаһардың облыстан бөлініп шыққанына да тура 1 жыл 4 ай болыпты. Бірақ енші алған ба­­ланың көпке дейін аяққа тұрып кетуі қиын болатынындай, Шым­кент қаласында да әлі күнге дейін жұмыс толық жүйелене қойған жоқ. Әсіресе, бір кездері мегаполис болдық деп бөркін аспанға атқан қала шетіндегі тұрғындардың халі әлі мүшкіл. Мегаполисті «Лас Ве­гас­­тан» да әдемі қыламын деп жан­­­таласқан бұрынғы әкім Ғаби­дол­­ла Әбдірахымов бар күшті ор­та­лыққа салды ма, қала шетінде­гі ауылдар қала статусының жұрна­ғын да көрмей, өгей баланың күйін ке­шіп отыр. Су жоқ, газ жоқ, жа­рық жоқ... Осылай жалғаса береді.

Өгей баланың күйін кешпей ше, бір кездері қалаға жақын маң­да­ғы Сайрам, Ордабасы, Төлеби аудандарының аумағына кірген бірнеше ауыл агломерация кезінде Шымкент қаласына қосылып кетті. Аудан орталықтарынан шал­ғайы­рақ болса да ауыл статусымен өздеріне лайықты жолдары, жы­луы, жарығы бар еді. Тіпті, аудан әкім­діктерінің жоспарына сай әне-міне инфрақұрылымдары даму­дың сәл-ақ алдында еді. Енді міне, қаланың территориясында де­месеңіз, инфрақұрылымы өте на­шар күйде отыр. Әкімдік әзірге онда мойын бұрар емес.

Инфрақұрылымнан жұрдай елді мекендер қатарына қаладан шал­ғай орналасқан Солтүстік сая­жай шағынауданы кіреді. Елді мекен тұрғындары жол азабы мен қо­ғамдық көлікті былай қойғанда ауыз судың да, табиғи газ бен жа­рық­тың да рахатын көрмей отыр. Шағынауданның табиғи газ құбы­ры мен электр энергиясының сы­мын жекеменшік компания қой­ған. Сондықтан оның төлема­қысы өте қымбат, оған тұрғындардың қал­тасы көтермейді. Әрі қызметі сапа­сыз. Ауызсу мәселесі де мәз емес. Апта сайын әр отбасыға 300 литр су жеткізіледі. Көп тұрған су­дың қандай болып кететіні айт­паса да түсінікті. Ал ілуде бір көрі­не­тін қоғамдық көлік ауылдың шеті­нен қайтып кетеді. Аталған мәселелер жандарына батқан бір топ ауыл тұрғыны қала әкімдігіне де келген. Қала әкімінің орынба­са­ры Н.Ергешбек шағынаудандарға инфрақұрылым жұмыстары үшін қаржы бөлу қарастырылуда деп шығарып салған-ды. Содан бері ауыл тұрғындары әкімдік жаққа мо­йын созумен келеді.

Ал, «Таскен» шағынауда­нын­да­­ғы 3 көшенің тұрғындары 13 жыл­дан бері жарыққа жарымай келе­ді. Жергілікті халық жекенің мен­шігіндегі электр қуатына тә­уел­ді. Жарықты кейбір тұрғындар өз күшімен тартып алғандықтан электр қуаты төмен, тариф жоғары. Ауыл тұрғындары сапасыз сымның сал­дарынан теледидар мен то­ңазыт­қыштың жиі істен шығаты­нын айтып шағымданады. Кедір-бұдыр жолдар да ауыл жұртшылы­ғын шаршатқан. «Асар-2» шағын­ау­­да­нында да ұзақ жылдан бері шешілмей келе жатқан мәселенің бірі – осы сапалы ауызсу, табиғи газ, электр жарығы. «Қаланың ірге­сінде тұрып ауызсуға жарымай, қо­ғамдық көлікке жете алмай, бат­пақ­тан шыға алмай жүрміз» дейді ауыл тұрғындары.

Өркениеттен кенже қалған ауыл тұрғындарының қатарына Сай­рам және Исфиджаб тұрғын ала­­бы да кіреді. Қаладан шалғай жат­­қан бұл елді мекендердің мә­се­ле­сі бір. Қарашаның сұрай­тыны – ауыз­су мен сапалы электр жа­ры­ғы. Абай ауданына қарасты «Жаңата­лап», «Игілік» тұрғын алап­­тарының инфрақұрылым жүйе­­лері де көңіл көншітпейді. Ауыл­дықтар жоғары­дағы мәсе­ле­лер­­­мен қатар қоғамдық көлікке де жары­май отыр.

«Базарқақпа», «Қарабастау» тұр­­ғын алабы мен «Көксай-2» және «Көксай-3» шағынаудан­да­рын­да мәселе жетерлік. Несін айта береміз, жалпы, бүгінде Түркістан облы­сынан қала аумағына қосыл­ған 41 елді мекен бар. Олардың кө­бін­де әлі күнге дейін ауызсу, жа­рық, көгілдір отын мен тіпті қа­ты­нас үшін көше-жолдар жоқ де­сек те болады. Тіпті, кезінде құ­жат­сыз үй салып алған жеке тұрғын үй­л­ердің құжаттарын заңдастыру шара­лары өзінше бір тақырып десе де болады.

Айта кетейік, қала әкімінің виртуалды сұрақтар парақшасына да шаһар тұрғындарынан осы тектес сауалдар көптеп жолданады. 300 мыңға жуық халқы бар Абай ауда­нының өзінде мәселе шаш етек­тен. Ауданға қарайтын үш ша­ғын ауданда ауызсу жоқ. Жеті елді мекенге газ тартылмаған. 2 мың 750 тұрғын үйдің 340-қа жуығы жеке­меншік компаниялар ұсынған жа­рықты өз күшімен тартып алған.

Шымкент қаласының әкімі Е.Ай­таханов өзінің мегаполистегі алғашқы жұмыс күндерін осынау шағын ауылдардың жағдайымен танысудан бастаған. Тұрғындарды тол­ғандырған мәселеге құлақ тү­ріп, негізгі жұмыс халықтың өмір са­пасы мен әл-ауқатын арттыруға бағытталатынын айтып, көтерілген мәселелерді рет-ретімен шешу мін­деті тұрғанын жеткізіп кеткен бо­латын. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының съе­зінде Үкіметке ауылдық жер­лер­­ге тұрғын үй, жол салып, ком­му­никация тарту қажеттігін тап­сыр­ған болатын. Осы жұмыс­тар­дың барлығын мегаполиске қо­сыл­­ған аудандарда да жүргізуіміз қа­жет. Көп жылдардан бері қорда­ла­нып келе жатқан коммуналдық мәселелерді рет-ретімен шешетін бола­мыз» деп уәде берген халық­тың алдында. Сөйтіп елді мекен­дер­дің инфрақұрылымын дамыту бойынша іс-шара жоспарын бекі­туді тапсырған сала басшы­ларына. Арнайы әлеуметтік карта да әзірледі.

Президент тапсырмасына сай қаланың шеткі аумақтарындағы ша­ғынаудандар мен тұрғын алап­тарды дамытудың кешенді іс-шаралары жасалуы қажет. Осы бағыт­та шаһар басшысы қала бюд­жетін нақтылау жиынында келер жылы әрбір аудан әкімдігіне 1 млрд теңгеден қаржы бөлінетінін айт­ты. Аталған қаржы шалғай жат­қан елді мекендердің инфра­құрылымына бағытталуы тиісін, аудан әкімдері бюджет қаражатына иек артпай, жеке инвесторлар тарту бағытында жүйелі жұмыстар атқаруы қажеттігін де тапсырған.  

Сонымен көрінген таудың алыс­­тығы жоқ, келер жылға да бар-жоғы 2 ай қалды. «Қалада тұ­ра­­мыз» деп қомпиып жүрген қала­ның шеткі аймақтарындағы тұр­ғын­дарының жарыққа шығар күні жақындап қалды деп сен­ді­ре­йік.

Одан бөлек, келер жылы Шым­кент қаласы ТМД елдерінің мә­де­ни астанасы болатынын да естен шығар­маған жөн...

 

Назгүл НАЗАРБЕК,
Шымкент қаласы