Ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды
Ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды
156
оқылды
Азамат Әмрин 1973 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ақмола ауыл шаруашылығы институтын және М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы – экономист-менеджер, құқықтану бакалавры. Еңбек жолын 1989 жылы Корнеев кеңшарында жұмысшы болып бастады. 1997 жылдан 2008 жыл аралығында Солтүстік Қазақстан облысының Салық комитетінде түрлі лауазымдар атқарды. 2008-2011 жылдары — СҚО Шал ақын ауданының әкімі. 2011-2012 жылдары — «Амрин К.К.» шаруа қожалығының менеджері. 2013-2015 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаменті директорының орынбасары. 2015 жылғы қаңтардан бастап қазірге дейін Ұлттық экономика министрлігі Салық және кеден саясаты департаментінің директоры болып еңбек етті.