Қазақ КСР Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың туған жерінде орнатылған ескерткішке қатысты әкімдік жұмыс тобы құрылғанын хабарлады.
Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, Қонаев ескерткішінің мүсіншісі – Алтай Исатайұлы Бейсенов. [caption id="attachment_81482" align="aligncenter" > Фото: Әлеуметтік желіден алынды[/caption]«Д. А. Қонаев ескерткішінің кемшіліктерін, Балқаш ауданы Бақанас ауылындағы ескерткіштерді орнату тәртібінің бұзылуын анықтау үшін жұмыс тобы аттанды. Оның құрамына облыстық тарихи мұралар ескерткіштері орталығының директоры, басқару бөлімінің басшысы, Жазушылар одағының мүшесі, облыстық галереяның директоры, алматылық тәуелсіз сарапшы мүсінші кірді» делінген Мәдениет басқармасының ресми мәліметінде.
Ескерткішке Д. А. Қонаев атындағы «Сауап» әлеуметтік-қайырымдылық қоры мен Балқаш аймақтық «Д.А. Қонаевтың 100 жылдығы» қоры тапсырыс берген. Tengrinews.kz-тің жазуынша, ескерткіш демеушілердің қаражаты есебінен орнатылған.
https://www.facebook.com/100000224313497/videos/4078506822166755/ *Видео: Олжас Мұхамедидің жеке парақашасынан алынды