Қонаев жайында сайт ашылды
Қонаев жайында сайт ашылды
316
оқылды

Қазақстан баспасөз клубы қоғам қайраткері, академик Дінмұхамед Қонаевтың өмірі мен қызметіне арналған сайтты таныстырды. Бұл жайында 7kun.kz. хабарлайды.

Сайтқа қоғам қайраткерінің отбасылық және мемлекеттік мұрағаттарда, Дінмұхамед Қонаев мұражайы мен қорында жинақталған материалдар енгізілген.

«Бүгінде Дінмұхамед Қонаевтың тұлғасына жас ұрпақтың қызығушылығы ерекше қызығушылық байқалады. Цифрлық технологиялар, әлеуметтік желілер мен лездік мессенджерлер ғасырында біз жаңару мақсатта, көрнекті перзенттің тұлғасы мен қызметі туралы сайтты ұсынып отырмыз», - деді Д.Қонаев атындағы Халықаралық қордың президенті Эльдар Қонаев.

kunayev.kz сайтын Қонаевтар отбасы және оның атындағы қор іске қосқан. Оның ашылуы 22 тамыз – академик қайтыс болғанына 26 жыл толуына орайластырылды. Сайтта Дінмұхамед Қонаевтың толық өмірбаяны, естеліктері, бірегей фотосуреттері, бейнелері, шежірелері, құжаттары мен баяндамалары орналастырылған. Сонымен қатар порталда академик атындағы ескерткіштер, көшелер, мекемелер туралы ақпарат бар.