Қазақ баласы Испанияны тәнті етті
Қазақ баласы Испанияны тәнті етті
287
оқылды

Жақында Испанияның Ма­лага қаласында TU ONDA атты жас әншілердің халықа­ралық ән байқауы өтіп, Алма­ты қала­­сынан барған 14 жас­та­ғы Ұласбек Әмірханов бі­рін­ші орын­д­ы жеңіп алды.

Халықаралық ән додасына қазақстандық бір топ өнерпазды «Бозторғай» қоғамдық қорының жетекшісі Қарлығаш Әбдікә­рі­мо­ва мен «Сенім» вокалды ансам­б­лінің жетекшісі Тұрсын Кудерина алып барған болатын. Бұл Ұлас­бек­тің халықаралық деңгейдегі алғашқы жетістігі емес. Осыған дейін Нью-Йоркте өткен PEARL OF NEW YORK 2017 байқауында, былтыр жазда Италияда өткен CREATIUITA senza FRONTIERE 2018 халықаралық фестивалінде топ жарған. Келешегінен үміт күттіретін жас әншінің талантын былтыр елордада өткен «Шаттық» фестивалінде Халық артисі Бибі­гүл Төлегенованың өзі жоғары баға­лап, табыс тілеген еді.

Кішкентайынан өнер жолына түссе де, Ұласбек мектептегі қоғам­дық шаралардан да тыс қалмайды екен. Сынып жетекшісі Мағрипа Саипованың айтуынша, ол тек жақсы әнші ғана емес, тәр­тіпті, алғыр оқушы.

– Ол алғашқы сыныптан бас­тап-ақ зеректігімен, ұйымдасты­ру­­­шылық қабілетімен көзге түсіп, қатарластарын алға жетелей білді. Бос уақытында математика, ағыл­шын тілі үйірмелеріне қатысады. Мектепішілік қоғамдық жұмыс­тарға да етене араласады, – дейді ұстазы.

Халықаралық деңгейде қазақ әнінің құдіретін танытқан балғын өнерпаздың тауы шағылмасын, туы жығылмасын деп тілек ете­міз.



Абай ҚАЗБЕКҰЛЫ