Жүкембаев мексикалықты нокаутқа түсiрдi (видео)
Жүкембаев мексикалықты  нокаутқа түсiрдi (видео)
© Сурет ғаламтордан
184
оқылды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (17-0, 13 КО)  мексикалық Рикардо Лараға (22-7, 10 КО) қарсы жекпе-жекте жеңіске жетті. Отандасымыз екінші раундта қарсыласын нокаутпен ұтты. Екі боксшы Канаданың Монреаль қаласында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасты. Қазақстандық былғары қолғап шебері қарсыласын екінші раундта екі рет нокдаунға түсірді. Нәтижесінде төреші жекпе-жекті тоқтатып, дәрменсіз мексикалықты арашалап алуға мәжбүр болды.   https://www.youtube.com/watch?time_continue=5&v=-xRjuGCF7VU&feature=emb_logo Батыр бастапқыда аргентиналық боксшы Максимилиано Рикардо Веронмен кездесуі керек болатын. Бірақ бұл боксшы виза алуда қиындықтар туындап, қарсыласын ауыстырды. Батыр Жүкембаев бұл жекпе-жекте WBA Continental Americas және IBF Inter-Continental чемпиондық атақтарын қорғауы керек болған. Бірақ кейіннен отандасымыз рейтинг үшін жұдырықтасатыны белгілі болды.