Қойманы тексергенде «СҚ-Фармация» қызметкерінің өтірігі әшкере болды
Қойманы тексергенде «СҚ-Фармация» қызметкерінің өтірігі әшкере болды
129
оқылды

Дәрі жетіспеушілігі Атырау облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті ұйымдастырған арнайы мониторинг барысында анықталған.

Тексеру кезінде компания қоймасында қажетті дәрі-дәрмек қоры болмаған. «СК-Фармация» менеджері «мұны дәрі-дәрмектердің көрші Ақтөбе облысында сақталады. Қоймадағы қолда бар дәрі-дәрмек, қорғаныс киімдері медициналық мекемелерге үлестірілді», – деп түсіндірді. Тексеріс барысында №3 емханада медициналық маска жоқтығы анықталды. Жауапты қызметкерлер «маскалар тексеру келер алдында таусылып қалды» деп ақталды. 5000-ға жуық тұрғынға қызмет көрсететін емхана қоймасында «Ксарелто», «Дексаметазон» таблеткаларының 2 айға жететін 5000 пакетінің орнына бар болғаны 10 пакет болған.

Соған қарамастан, жуырда ғана аймақтағы Денсаулық сақтау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Асхан Байдуалиев Атырау облысында 2 айға жетерлік дәрі-дәрмек қоры бар деп мәлімдеген.