Дәрігерлер ер адамның "жүкті" екенін анықтап, оны гинекологқа жіберген
Дәрігерлер ер адамның "жүкті" екенін анықтап, оны гинекологқа жіберген
135
оқылды
Башқұртстанның Уфа қаласында ер адам қызық жағдайға тап болды, - деп жазады lenta.ua. Бұл туралы әлеуметтік желіде "жүкті" болған пациент Салават Асхатовтың өзі айтты.

Оның айтуынша,  «жүктілік» диагнозын оған Уфадағы №21 ауруханада қойған және оны гинекологқа жіберген.

Ер адам бұндай диагноз қойылғанын кездейсоқ білген.
«Мен жүктімін, маған гинекологтың кеңесі керек. Бұны қалай түсінуге болады?» - деп ашуланды Асхатов.
Ол Башқұртстанның Денсаулық сақтау министрлігіне өзін жүкті деп таныған дәрігерлерге қатысты шағым түсірді. Ведомстводағылар қателік кеткенін мойындап, түсініктеме берді. Аурухана басшылығы қызметтік тексеру жүргізіп, ер адамға бұндай диагноз қойғандарды анықтады.