Қайтыс болған 20 жастағы бойжеткен мәйітханада тіріліп кетті
Қайтыс болған 20 жастағы бойжеткен мәйітханада тіріліп кетті
187
оқылды

Биыл 23 тамызда 20 жастағы америкалық Тимеши Бошамптың жүрегі тоқтап қалды. Туыстары дәрігерлерді шақырды. Олар қызды 30 минут бойы құтқаруға тырысқанымен нәтиже шықпады, - деп жазады «Рен ТВ»

Қыздың мәйітін мәйітханаға жеткізді. Алайда бір маман қыздың көзін ашып, тыныс алып жатқанын байқап қалған.  Пациент ауруханаға жеткізіліп, жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Аурханада қыз 8 апта жатып, 18 қазанда көз жұмды.

Отбасының қорғаушысы қыздың өлімінің себебі миға ауа жетпеуінен болғанын хабарлады. Отбасы қала басшылығы мен 4 дәрігерді сотқа берді. Өндіріп алатын шығын көлемі 50 миллион долларды (3,8 миллиард рубль) құрайды. Еске сала кетейік, бұған дейін медицина қызметкерлері 300 жыл ішінде алғаш рет адамның жаңа мүшесін тапқанын жазған болатынбыз.