Мұны полицияға, «Мейірімділер клубы» атты ерікті топ белсенділері хабарлады. Айтуларынша, жуырда марқұм болған қарияның пәтерін кооператив төрайымы иемденіп, жалға беріп, пайда тауып жүрген көрінеді.
«Мейірімділер клубы» белсендісі Асхат Құстаулет жуырда ғана қайтыс болған әжейдің бірінің үйіне барыпты. Есікті ешкім ашпаған. Көршілері болса, пәтерді кооператив басшысы иемденіп, бөтен біреулерге жалға беріп қойғанын айтыпты.
«Мейірімділер клубының» жетекшісі Асхат Құстаулет: Людмила Русаковаға телефон соқтым. «Пәтер бос емес. Оны маған мұрагерлікке қалдырды. Шаруаң болмасын» деп қоя салды. Негізі оның әжейге еш қандай туыстық қатысы жоқ. Мен әжейді жақсы білетінмін», – дейді.
Қайтыс болған әжейдің үйіне еріктілер осы жазда ғана күрделі жөндеу жүргізген.
Қазір тергеу басталды.
Ал ПИК төрайымының әрекетінің анық-қанығын тергеуден соң анықталады. Иесіз қалған пәтер мемлекетке қайтарылады.