Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жанашыр кәсіпкерлер мен ауыл жастары бірлесіп, көмекке мұқтаж тағдыр тауқыметін тартқан жандардың бірі, ауыл тұрғыны, 8 баланың анасы, жалғызбасты Рыскүл Торыбаеваға 6 бөлмелі үй салып берді.
Басыбайлы баспанаға қол жеткізген балалардың қуанышында шек жоқ.
Қиындықтан құтылған ана мейірімді жандарға алғыс айтты.
«Қамқорлық» бағдарламасын Nur Otan партиясының Түркістан облыстық филиалы мен облыс әкімдігі бірлесіп іске асырып жатыр.
Бұған дейін 2000-ға жуық адамға көмек берілді. Отбасылар азық-түлік, киім-кешек, материалдық көмек көрсетілді. Оның ішінде, 35 отбасына тұрғын үй алып берілсе, 100-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтып, 178 адам қоғамдық жұмысқа тартылған.