«СҚ Фармация» басшысы ай сайын қанша жалақы алатынын өзі айтты
«СҚ Фармация» басшысы ай сайын қанша жалақы алатынын өзі айтты
154
оқылды

Ерхат Есқалиевтің айтуынша, ай сайын 1 300 000 теңге жалақы алады.

Орынбасары – 900 000 теңге, қарамағындағы басқарушы мамандар – 450-650 мың теңге аралығында жалақы алады. Өзінің айтуы бойынша, Ерхат Есқалиевте 3 басқарушы және бір орынбасары бар.   https://youtu.be/qmhpoe4Nt8U Видео: "Хабар24" арнасынан алынды Айта кетейік, "СҚ-Фармацияның" жаңа басшысы 1976 жылы Алматы қаласында туған. «Братьев Карич» университетінің Банк ісі және сауда академиясын, «Әділет» жоғары құқық мектебін, Халықаралық бизнес академиясын, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Халықаралық бизнес мектебін бітірген. 1999 жылдан 2003 жыл аралығында Атырау облысы әкімдігі, Мемлекеттік кіріс министрлігі, Қаржы министрлігі, «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясының құрылымында жұмыс істеді.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін де «СҚ-Фармациядағы» ауыс-түйіс, реформалар туралы бірнеше рет жазған болатынбыз.