"Оскар" жүлдесіне кімдер ұсынылды?
"Оскар" жүлдесіне кімдер ұсынылды?
168
оқылды

Ең үздік ер адам рөлінде «Оскар» жүлдесіне үміткерлер анықталды. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Леонардо Ди Каприо, Мэттью Райс, Роберт Паттинсон мен Джонатан Прайс ең үздік ер адам аталымы бойынша «Оскар» жүлдесіне ұсынылды.

Sony студиясы Леонардо Ди Каприоны «Однажды... в Голливуде» картинасындағы рөлі үшін үздік ер адам аталымына , ал Брэд Питті екінші кезекті рөлі үшін жүлдеге ұсынған. Басылым бұл шешімді ойға қонымды санайды, себебі дублер рөлін сомдаған Питтің жүлдені ұтып алуға мүмкіндігі басым.

Сондай-ақ Sony «Оскарға» Мэттью Райс пен Том Хэнксті "Прекрасный день по соседству" картинасы үшін жүлдеге ұсынды. Райс үздік ер адам аталымына ұсынылса, Хэнкс екінші кезекті рөлде бақ сынауға лайықты деп танылды.

A24 киностудиясы өз үміткерлерінің есімін атады: «Маяк» фильмі үшін Роберт Паттинсон (Ең үздік ер адам рөлі аталымына), Уиллем Дефо (екінші кезекті рөл).

Ал Netflix платформасы «"Два папы" картинасындағы Джонатан Прайсты ең үздік ер адам рөліне ұсынса, Энтони Хопкинсті екінші кезекті рөлде бақ сынап көреді деп шешті.