Серік Ахметов шартты түрде босап шығуды қалайды
Серік Ахметов шартты түрде босап шығуды қалайды
317
оқылды

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды сұрап, Қарағанды облысының Қазыбек би аудандық сотына өтініш берген. Ақпаратты Қарағанды облыстық соты растады деп жазады Holanews.

«Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотына Серік Ахметовті шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш келіп түсті. Істі қарау 25 қазан сағат 10.30-ға шегерілді», - деп хабарлады сот.

Өткен жылдың мамырында экс-премьер жазаны жеңілдету туралы Қазыбек би аудандық сотына өтініш берген еді. Ол соттан бас бостандығынан айыру жазасын айыппұлға ауыстыруды сұрады.

Серік Ахметов 2015 жылы жемқорлық үшін сотталды. Оған жазасын өтеуге жалпы режимдегі колонияда 10 жыл берді. Ахметов жымқырған қаржыларын қайтарғаннан кейін жазасы сегіз жылға қысқарды. 2017 жылы амнистиядан кейін Ахметовтің жазасын өтеуі төрт жылға қысқарған еді.