Тоқаев судьялар БАҚ тарапынан жиі қысымға ұшырайтынын айтты
Тоқаев судьялар БАҚ тарапынан жиі қысымға ұшырайтынын айтты
137
оқылды

Атап айтқанда, судьялар бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан жиі қысымға ұшырайды.

«Отандық және халықаралық сарапшылар судья сот және алқа төрағаларына тәуелді болууын жалғастыруда деп санайды. Бұл өрескел тәжірибе әрі одан арылу қажет. Судьлардың құқық қорғау органдарына тәуелділігінің жалғасуы да күрделі проблема. Ешкімде судьялардың тәуелсіздігіне қатысты тіпті күдік те туындамауы тиіс. Азаматтар, бизнес, инвесторлар қазақстанық сот бейтарап әрі әділ шешім шығаратындығына сенімді болуы тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы судьялардың БАҚ-пен әлеуметтік желілер тарапынан қысымға ұшырайтындығы жайлы деректердің де кездесетіндігіне назар аудартты.

«Тергеу әлі жүріп, іс сотқа әлі берілмесе де жекелеген журналистер мен блогерлердің ахуалды шиеленістіріп, судьялардың шешімін жария түрде болжап жатады. Бұл жерде қабылданған шараларды және долбарлап адамдарды қызметкер деп жариялауға асығатын кейбір құқық қорғау органдарының да кінәсі бар. БАҚ-тың жариялылығы мен ашықтығын сотқа қысым жасау үшін пайдалануға мүлдем болмайды. Сот әділдігі тек сот залында және тек сот процесінің қорытындысында орын алуы тиіс. Әрбір судья өз әрекеті мен шешіміне жеке жауап береді. Сотқа қысым жасау фактісі заңмен жауап беруі тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.