Нұр-Сұлтанда жалған ақша жасағандар ұсталды
Нұр-Сұлтанда жалған ақша жасағандар ұсталды
207
оқылды

Нұр-Сұлтанда ірі номиналды қаражат жасаумен айналысқан топ құрықталды. Бұл туралы қалалық экономикалық зерттеулер Департаменті хабарлады.

Қылмыстық топ 2000, 5000, 10 000, 20 000 теңгелік жалған ақша жасаумен айналысқан. Жалған банкноттар елордадағы азық-түлік дүкендері мен сауда орындарында таралған.

Қазіргі уақытта жалған ақша жасағандар тұтқындалды, банкноттар жасаған құралдары тәркіленді. ҚР ҚК 231 бабы «Жалған ақша немесе құнды қағаздарды дайындау, сақтау, беру немесе сату» бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Департамент тұрғындарға жалған қаражат қолына түскен жағдайда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экономикалық зерттеулер Департаментіне хабарласуды сұрайды: мекен-жайы: Желтоқсан көшесі 46 немесе сенім телефоны - 8 (7172) 31-61-45.