23 қазанда еліміздің бірқатар өңірінің басшылық құрамы жемқорлық күдігіне ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімдігі кәсіпкерлік бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол сауда жасауға рұқсат беру және кәсіпкерлік қызметке жалпы қамқорлық жасау үшін азаматтан 65 мың теңге алу күдігі бойынша тергелуде.
Осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін Түркістан облысы Жетісай ауданы Қызылқұм селолық округының әкімі күдікті болды. Ол жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін беру үшін азаматтан 500 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Күдіктілерге қатысты соңғы шешімді олардың кінәлілігінің деңгейін анықтай отырып, сот шығарады.