Украина нарығы қайта ашылуы мүмкін
Украина нарығы қайта ашылуы мүмкін
156
оқылды

Қазақстан мен Ресей Жайық өзені бойынша бірлескен комиссия құруға келісті. Бұл жаңалық Сенат төрағасы Д.Назарбаеваның Мәскеуге сапары аясында жария етілді. Дариға Нұрсұлтанқызы Ресей үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесті.

«Горки» резиденциясында өткен жүздесуде олар мем­ле­­кеттеріміз арасында қар­қын­ды саяси үнқатысу қалыптас­қанын, экономикалық ты­­ғыз бай­ланыс орнағанын, әр са­ла­да ынтымақтастық тиімді да­мып келе жатқанын атап өтті. Өнеркәсіп коопера­ция­сын іл­герілету, екі ел кәсіп­орын­да­ры­ның бірлескен жобаларын іске асыру көзделіп отыр.


Келіссөз барысында Қа­зақстан азаматтарының Ре­сей аумағында жүріп-тұру жағдай­ларын құқықтық қамтамасыз ету, шекаралық өткізу бекет­те­рінің мәртебесін өзгерту, ортақ эко­логиялық кодекс әзірлеу, Қа­зақстан аумағындағы полигон­дардың экологиясы, сондай-ақ трансшекаралық өзендерді бөлу мәселелері қозғалды.

Д.Назарбаева қазақстандық көмірді Ресей мен Украинаға жеткізу мәселесін де көтерді. Оның айтуынша, жүкті Ресей аумағымен Украинаға жеткізуге шектеулер енгізілгелі бері, біріншіден, қазақстандық кәсіп­орындар үшін украиналық нарық жабылды, екіншіден, Ресей нарығы айтарлықтай қыс­қарып қалды.


– Қазақстандық көмірді өткізетін басқа нарық жоқ. Ба­ғаның құлдырауы мен көлік шы­ғындарының өсуіне байланысты Еуропалық бағыт іс жүзінде тоқтады. Ресейлік шаралар біздің көмір өндіруші кәсіпорындарды осындай жағдайда тоқтаудың шегіне әкеліп отыр, – деді Сенат басшысы.

Өз кезегінде Дмитрий Медведев Қазақстан мен Ресей ара­сындағы байланыс ауқымды­лығымен және тереңдігімен ерек­шеленетінін айтты. Ресей премьері талқыланған барлық мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар берілгеніне ерекше назар аудартты.

– Бүгін көтерілген мәселелер оң шешімін табады. Жайық өзені бойынша бірлескен комиссия құруға қажетті іс-қимылды жү­зеге асыруды өз орынбасарым Алексей Гордеевке тапсырамын. Ортақ мәселелерді өзара тиімді жағдайда шешу қажет, – деді Д.Медведев.

Осы күні Әлемдік және дәс­түр­лі діндер лидерлері съезі хат­шылығының басшысы ретінде Да­риға Назарбаева Мәскеу жә­не бүкіл Ресейдің қасиетті пат­риархы Кириллмен кездесті.

«Әлемдік және дәстүрлі дін­дер лидерлерінің IV съезіне сіз­дің қатысуыңыз форум жұ­мы­сына баға жетпес үлес қос­ты жә­не оның мазмұнын айтар­лық­тай байыта түсті. Біздің ын­ты­м­ақтастығымыз бен өза­ра қа­рым-қатынасымыз ал­дағы уа­қытта да елдеріміз ара­­­сында­ғы бейбітшілік пен ке­лісімді нығайтуға ықпал ете­­­ді деп үміттенеміз» деген Д.Назарбаева патриархты 2021 жылдың маусым айында өте­тін келесі форумға құрметті қо­нақ ретінде қатысуға ша­қыр­ды.