Ақ халаттылар ер адамға"жүктісің" деген өрескел диагноз қойған. Салауат Асхатовқа Уфа қаласының жергілікті ауруханасында “сен жүктісің” деп гинекологқа қаралуға жолдама берген. Бұл туралы жігіт өз әлеуметтік парақшасында жариялаған деп жазады lenta.ua. «Мені дәрігерлер жүктісің дейді. Тіпті гинеологқа баруға кеңес берді. Ақ халаттыларлың бұл олқылығына не дейін?” , – дейді Салауат Асхатов. Ол Башқұртстанның Денсаулық сақтау министрлігіне дәрігерлердің үстінен шағым түсірген. Салауат Асхатовтың арызынан кейін аурухана басшылары жіті тексеріс жүргізіп, диагноз қойғандарды анықтап тергеу жұмыстарын жүргізуде.