Пандемияның қиын кезеңінде тұрмыз, әсіресе солтүстік жартышар – ДДСҰ бас директоры

Пандемияның қиын кезеңінде тұрмыз, әсіресе солтүстік жартышар – ДДСҰ бас директоры

Әлемде пандемияның аса қиын айлары басталады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус жұмада өткен брифингте осындай мәлімдеме жасады деп хабарлайды РИА Новости.

«Біз COVID-19 пандемиясының қиын кезеңінде тұрмыз, әсіресе солтүстік жартышар. Келесі бірнеше ай өте қиын болады және бірқатар ел қауіпті бағытта қозғалып келеді. COVID-19 жағдайлары күрт өскен мемлекеттер тым көп және бұл ауруханалар мен реанимация палаталары өз мүмкіндіктерінің шегіне жететінін көрсетеді», – деді ДДҰ басшысы.