Жасөспірімді жезөкшелікпен айналысуға итермелеген әйел ұсталды
Жасөспірімді жезөкшелікпен айналысуға итермелеген әйел ұсталды
5,190
оқылды
Алматыда жеңгетай кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Алматы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-алдын алу шаралары барысында клиенттерге интимдік қызмет көрсетілетін пәтерді анықтады деп жазады Polisia.kz. Пәтерде 2004 жылғы кәмелетке толмаған қыз болған, ол осы пәтерде интимдік қызмет көрсеткен. Оны Алматы облысы Кербұлақ ауданының тумасы жезөкшелікпен айналысуға итермелегені белгілі болды. Күдікті ұсталып, ҚР ҚК-нің 309-бабы 2-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.