Рудныйда көлік соқтығысып, екі адам көз жұмды.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға «Рудный-Қашар» автожолында болған. 61 жастағы «MAN» автокөлігінің жүргізушісі жол жиегінен шыққан кезде маневрдің қауіпсіздігін байқамай, Ravon Nexia автокөлігімен соқтығысқан. Жеңіл көліктің рулінде 34 жастағы ер адам болған.
«Жол апаты салдарынан Ravon-ның 30 жастағы жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында, 23 жастағы жігіт аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды. Тағы екі жолаушы Рудный қаласының ауруханасына жатқызылды. Жол-көлік оқиғасы Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді. Қостанай ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері сотқа дейінгі тергеп-тексеру шараларын бастады», – дейді полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь. Полиция департаменті автокөлік иелерін жолда сақ болуға, жылдамдық режимін сақтауға шақырды.