17 адамды өрттен құтқарды
17 адамды  өрттен құтқарды
325
оқылды

19 тамызда Қызылорда қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне Қорқыт ата көшесіндегі 4-қабаттағы пәтерлердің бірінен өрт шығып жатқаны туралы хабарлама түскен. Жедел қызметтерге хабар беріліп, аға учаскелік полиция инспек­торы полиция майоры Мақсат Жыл­қайдаров оқиға орнына №2 УПП полиция инспекторлары полиция капи­таны Мақсат Хасенов және поли­ция лейтенанты Бақытжан Досмағам­бетовпен бірге дереу жетті. Бұл тура­лы Қызылорда облысы Полиция депар­таментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Пәтерлердің бірінде олар қалың түтінді бай­қап, өрттің көрші пәтерлерге таралу қау­пін сезіп, полицейлер Мақсат Хасенов пен Бақыт­жан Досмағамбетов басын сулы сүлгі­мен орап, өрт болған пәтердің есігін ашып, өртті сөндіруге кірісті.

Осы кезде үшінші қызметкер Мақсат Жыл­қайдаров өткір түтіннің салдарынан шыға алмайтын көрші пәтерлерден тұрғын­дар­ды шығара бастады. Айта кету керек, пә­­терлердің төменгі қабатында ересектердің ба­қы­лауынсыз қалған балалар болған. Тү­тін­­нің әсерінен ештеңе көрінбей, жарық бол­май, полиция қызметкері қараңғыда қол­шам­мен жылжып, адамдарды дереу көше­ге шы­­ғарған.

Біраз уақыттан кейін өртті сөндіріп, ба­тыл полицейлердің үйлесімді әрекеттері­нің арқасында балалар мен ересектер қауіп­сіз жерге шығарылды.

Жедел ақпарат бойынша, сол түні по­ли­ц­ия жанып жатқан үйден шамамен 17 тұр­ғын­ды эвакуациялады.Үй тұрғындары құт­қа­рушыларына алғыс білдірді.

«Біздің кейіпкерлеріміз туралы айтып кет­сек. Шынында да күнделікті өмірде бұл ке­ремет әкелер өздерінің батыл істерімен өсіп келе жатқан балаларына үлгі бола ала­ды. Сол минуттарда олар өздеріне қауіп төн­ді деп ойламады. Олар нағыз батырлар сияқ­ты басқаларды құтқара бастады. Себебі олар үшін ең бастысы және ең маңыздысы – адам өмірі.

Полиция майоры Мақсат Жылқайдаров, 37 жаста, ішкі істер органдарында 2008 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Жұбайы – Айжан Алмағамбетовамен бірге 4 бала тәрбиелеп отыр. Ол спортты жақсы көреді.

Полиция капитаны Мақсат Хасенов, 33 жаста, ішкі істер органдарында 2013 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Отбасылы, 2 бала тәрбиелеуде. Азаматтар және әріптес­те­рі­мен қарым-қатынаста мәдениетті, ұс­там­ды, мінезі салмақты, кішіпейіл. Өз де­ге­ні­не жетуге деген құштарлығы мол, іскер қыз­меткер.

Полиция лейтенанты Бақытжан Дос­мағам­бетов 28 жаста, білімі жоғары заң­гер, ішкі істер органдарында небәрі 1 жыл­дай қызмет атқарып келеді. Отбасылы, 2 бала тәрбиелеуде. Бұл азамат өздерін құқық қорғау саласында ерінбей еңбек етіп, жеке жұмыстарынан қызметтік міндетті жоғары қоятын еңбекқор қызметкер ретінде көрсете білді» дейді Қызылорда облысы Полиция департаменті­нің баспасөз қызметі.


Миуа БАЙНАЗАР