Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында Президенттік кадрлық резервке іріктелгендер туралы айтты.
— Резервке өтінімді 13 мыңнан астам азамат берген. Бұл – Президент ұсынған идеяның қолдау тапқанын дәлелдейтін өте үлкен көрсеткіш. Адамдар оған сеніп отыр. Мұндай тәртіпте бірінші рет конкурс өткізілуде. Мемлекет басшысының резервінде болу деген – зор құрмет. Сол себепті, қазірдің өзінде айтарлықтай салмақты лауазымда отырған азаматтар да өз өтінімін беріп жатыр. Алайда лауазымдылар жаппай резервке кіруге ниет білдіріп отыр деп тағы айта алмаймыз, — деді Дәурен Абаев.