Сабина Қуат Хамитовқа жауап берді
Сабина Қуат Хамитовқа жауап берді
153
оқылды

Аралас жекпе-жек бойынша өнер көрсететін спортшы Қуат Хамитов волейболшы Сабина Алтынбекованың жүрегін жаулап, жар еткісі келетінін айтқан болатын.

Сабина Алтынбекова спортшының бұл сезімін жауапсыз қалдырмады. Instagram-дағы парақшасында жазылушыларының осыған қатысты сұрақтарына жауап берді.
«Қуатты шыншылдығы, турашылдығы және қазақ батырына тән мықты рухы үшін әрқашан құрметтеймін. Спорттағы барлық мақсаттарына қол жеткізетініне күмәнім жоқ», – деп жазды белгілі  волейболшы.