Күзетшінің қолын байлап, кеңседен 23 миллион теңге ұрлаған қылмыскер ұсталды
Күзетшінің қолын байлап, кеңседен 23 миллион теңге ұрлаған қылмыскер ұсталды
266
оқылды

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, қылмыс 23 қазанда түнгі сағат 03:50 Көкшетау қаласында болған.

Бұл туралы Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне «Алтын Раушан» ЖШС-ның күзетші-операторы хабарлады.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы күзетшіні байлаулы күйде тапқан.   [caption id="attachment_82548" align="aligncenter" width="900"]сейф Фото: Интернеттен алынды[/caption]

«Маска киген бейтаныс ер адам ЖШС директоры кабинетінің терезесін бұзу арқылы кеңсенің ішіне кірген. Артынша, бухгалтердің бөлмесіне еніп, металл сейфті бұзып, ондағы 23 миллион теңгеге жуық ақшаны ұрлап кеткен», – дейді ведомстводан.

Осы оқиғаға байланысты полиция ҚР ҚК-нің 192-бабы 4-бөлігі «қарақшылық» бойынша іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Ауыр қылмысты анықтау үшін жедел-тергеу тобы құрылды.

Жедел іздестіру барысында елорда маңындағы Зеренді ауданының 23 жастағы тұрғыны ұсталды. Одан 22 миллион теңгеден астам ақша тәркіленді. Күдікті қазір қамауда.