Құдалық пен той өткізген мейрамханалардың тізімі жарияланды
Құдалық пен той өткізген мейрамханалардың тізімі жарияланды
185
оқылды

Мониторинг тобы Алматыдағы 59 нысанды тексеріп, 11-інде карантин талаптары бұзылғанын анықтады.

Осыған байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөліміне сәйкес 230 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Осындай жағдайлар қайталанатын болса, олардың қызметін сот тәртібімен тоқтата тұру туралы мәселе көтеріледі. Мәселен, Алатау ауданында қоғамдық тамақтану нысандарында көп адамның жиналуымен салтанатты үйлену тойлары, банкеттер өткізілген. Мәселен, қаладағы AINABAI HALL мейрамханасында 50 адамға арналған құдалық өткен. Көкқайнар шағынауданы, Жангелдин көшесі, 2 мекенжайындағы «Томирис» мейрамханасында 40 адамға арналған үйлену тойы өткен. Алмерек Абыз көшесі, 2 мекенжайында орналасқан «Бодрум» мейрамханасында 70 адамға арналған үйлену тойы өткізілген; Нұркент ш/а, 5/22 мекенжайындағы «Зере» дүкенінде санитайзерлер жоқ, сатушының қорғаныс маскасы болмаған.   [caption id="attachment_82525" align="aligncenter" width="1200"]той Фото: Интернеттен алынды[/caption]

Нұркент шағын ауданы, 5/22 «Happy event» ЖШС-де сатушылар жұмыс орнында қорғаныс маскасынсыз болған, дезинфекциялық кілемшелер жоқ, қолды өңдеуге арналған санитайзерлер болмай шықты. Нұркент, ш/а, 5/26 «Алтын Ару» ЖК тәттілер дүкенінде сатушы жұмыс орнында қорғаныс маскасынсыз және қолғапсыз болды, дезинфекциялау кілемшелері мен санитайзерлері жоқ, журналға деректерді енгізе отырып, қызметкерлердің термометриясы жүргізілмеген. Нұркент шағын ауданы, 5/26 Агибаева ЖК азық-түлік дүкенінде келушілерге арналған санитайзерлер жоқ.

Наурызбай ауданы: Қалқаман 2 шағын ауданы, Әйтей батыр көшесі, 88 мекенжайындағы «Ильхан» салтанат залында 100 адамға арналған той өткізілген. Алмалы ауданында жұмыс тәртібін бұзған нысандар анықталды.

Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, сағат 23.00-ден кейінгі жұмысқа және кальян сатуға тыйым салынған нысандар «Мята» лаунж бары, «Гранд опера» караокесі, Finik  дәмханасы жұмыс істеген.