Педагог мәртебесі туралы заңды іске асыруға 2020 жылы қанша қаражат бөлінеді?
Педагог мәртебесі туралы заңды іске асыруға 2020 жылы қанша қаражат бөлінеді?
278
оқылды

Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов Парламент Сенатының депутаттарына 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын таныстырды. Бұл туралы "Қазақпарат" хабарлайды.

«Білім және ғылым жүйесін дамытуға 2020-2022 жылдарға арналған бюджет жобасында 3,7 трлн теңге, оның ішінде 2020 жылға 858,5 млрд теңге бөлу көзделген. Тұңғыш Президент тапсырмасын іске асыру мақсатында «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы әзірленгенін білесіздер. Оны іске асыруға бюджеттен 2,2 трлн теңге, оның ішінде 2020 жылға – 389,8 млрд теңге бөлу көзделген. Аталған шығындардың көлемінде педагогтардың жалақысын көтеру туралы 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Президент жолдауында берген тапсырмасын орындауға арналған шығыстар ескерілді», - деді Берік Шолпанқұлов.
Вице-министрдің айтуынша, Президент үш ауысымды мектеп мәселесін шешу және 2022 жылдың соңына дейін апатты мектептерді жою міндетін алға қойып отыр. «Осы мақсатқа 286,8 млрд теңге сомасында шығын шығады. Оның ішінде 2020 жылы 87,1 млрд теңге жергілікті бюджеттер базасына берілді», - деді ол.