Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов 24 қазанда БАӘ-дегі "Жекпе-жек аралында" өткен UFC-дегі дебютінде бразилиялық Алекс Оливейраны жеңгені үшін 37 500 доллар табыс тапты, - деп хабарлайды Vesti.kz басылымы Sportekz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық октагонға шыққаны үшін және жеңісі үшін 10 000 доллардан, сондай-ақ 3 500 доллар көлемінде UFC-ден промоутердің бонусын алды. Қарсыласы Оливейра салмақ өлшеудегі сәтсіздігінен кейін Рахмоновқа 14 000 доллар "сыйлады".
Ал бразилиялықтың жекпе-жектегі қорытынды гонорары 61 000 долларды құрады.Сондай-ақ Оливейра 5 000 доллар промоутерлік бонус алды.
Sports Daily мәліметінше, Хабиб Нурмагомедов Джастин Гэтжимен жекпе-жектен 6 миллион доллардан астам табыс тапқан.
Еске салайық, БАӘ-дегі "Жекпе-жектер аралында" өтіп жатқан UFC 254 турнирінде Рахмонов бразилиялық Алекс Оливейрамен кездесіп, оны мерзімінен бұрын жеңді. Осылайша, қазақстандық файтер ММА-де 13-рет жеңіске жетті.