Абай туралы үш деректі фильм түсіріледі
Абай туралы үш деректі фильм түсіріледі
334
оқылды

Абайдың шығармалары 10 шет тіліне аударылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты.

– Алдағы жылы Әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай 175 жылдық мерейтойларын атап өтеміз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мерейтой барысында бос ысырапшылыққа жол бермей, ғұлама тұлғалардың еңбектерін халық арасында кеңінен дәріптеуді тапсырған еді. Қыркүйек айының басында Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойын атап өту жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысы өтті,– деді министр.

А.Райымқұлова мерейтой аясында өткізілетін шаралар жобасы туралы айтып берді.

 «Абайдың толық шығармаларын 10 тілге аударып, басып шығармақпыз. Бұдай бөлек Абайдың өмірі, шығармашылығы, мұрасы және қазақ мәдениетін дамытудағы рөлі туралы 3 деректі фильм түсіріліп, түркітілдес елдерге көрсетілмек. Келесі жылдың басынан «Ұлы даланың ұлы ақыны» атты халықаралық поэзиялық, әндер және күйлер фестивалін өткізбекпіз. Біз мерейтой дегенде бір күндік емес, жүйелі, мазмұнды және ұзақ мерзімді жобаларға басымдық беруді жөн деп санап отырмыз»,– деді ол.