ҚР Ішкі істер вице-министрі Алексей Калайчиди «Хабар 24» арнасына берген сұхбатында полиция қызметкерлерін баспанамен қамту жұмыстары жөнінде айтты.
– Әзірге полиция қызметкерлерінің 46% баспана өтемақысын алу құқығы берілді. Меніңше, бұл – едәуір үлкен жеңілдік. Қызметкер отбасындағы бір адам үшін 20-50 мың теңге аралығында өтемақы беріледі. Егер орта есеппен бір жанұяда 4 адам бар деп есептесек, 80-160 мың теңге аралығында төленеді. Оған 150 мың теңге жалақыны қосыңыз. Яғни, өз қызметін жаңадан бастаған қызметкер үшін 200 мыңнан 300 мың теңгеге дейінгі табыс – үлкен көмек деп есептеймін,– деді вице-министр.