«Боратты ұстау операциясы»: Бүркіт бастаған актерлар Боратты қалай "жазалайтындарын" көрсетті
«Боратты ұстау операциясы»: Бүркіт бастаған актерлар Боратты қалай "жазалайтындарын" көрсетті
154
оқылды

Көпшілікке Бүркіт атымен танымал белгілі әнші Айбек Жансейітов «Борат» фильмінің екінші бөліміне актерлар қарсы шыққан жаңа фильмнің үзіндісін көретті. 

Өнер иесі өзінің Instagram-дағы парақшасында «Супер Агенттер» фильмін кинотеатрлардың жабылуына байланысты көрсете алмаса да,  «Супер Агенттер-2.  Боратты ұстау операциясы» фильмінің түсіру жұмыстарына кірісіп кеткенін жазды.

Фильмнің сюжеті қазақстандықтардың намына тиген британдық әзілкеш Саша Барон Коэнды ұстау операциясына  құрылған.

«Бұл жалған емес, вайн емес, нақты жоба. Сондықтан бізге сәттілік тілеңіздер! Боратты ұстаған соң оған біз Қазақстанның қандай екенін көрсеткіміз келеді!» – дейді Бүркіт.

Фильмнің үзіндісін мына жерден көруге болады.