Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадрлық резервін жасақтауды тапсырған болатын.
Өз саласында белгілі бір жетістікке жеткен қазақстандықтар кадрлық резервке кіріп, жоғары мемлекеттік және басқарушы лауазымдарға тағайындалуы мүмкін. Президенттік жастар кадрлық резервіне өткен үміткерлер лауазымды қызметке орналасуға мүмкіндік алады.
Президенттік жастар кадрлық резервін қалыптастырудағы мақсат — құзыреті жоғары жаңа форматтағы көшбасшыларды дайындау. Іріктеуге қатысуға 13 212 адам өтінім берген.
Президент Жолдауында айтылған заман талабына сай тиімді мемлекет пен халықпен тиімді кері байланыс орнату. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» атты тұжырымдаманы іске асыру. Жастарды мемлекеттік басқару жүйесіне енгізу.
Үздік әлемдік тәжірибе негізінде Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу арнайы pkrezerv.kz онлайн-платформасын пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Бұл процестің толығымен ашықтығын және адам факторын болдырмауды қамтамасыз етеді.
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің алдағы кезеңдері қызметтің тиісті бағыттары бойынша жоғары білікті сарапшылармен, сондай-ақ кандидаттардың құзыретін анықтау үшін арнайы оқудан өткен сертификатталған бағалаушылармен, кәсіби супервизорлармен бағаланады.
Кандидаттарды бағалау кезеңінде шешімдер қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін салалық сарапшылар, сондай-ақ іріктеу процестерінің объективтілігін қадағалай алатын сертификатталған бағалаушылар қатысады.
Президенттік жастар кадр резервінің бастапқы үш кезеңі аяқталды. Нәтижесінде, 549 қатысушы іріктеудің келесі кезеңі – «Әлеуетті бағалауға» сәтті өтті.
Президенттік жастар кадр резерві жастарды ілгерілету үшін тиімді әлеуметтік лифт болмақ және мемлекеттік қызметті сапалы жаңа деңгейге шығарады.
Президенттік жастар кадр резервін құру мемлекеттік міндеттерді шешу үшін мүлдем жаңа жастардың әлеуетін пайдалануға мүмкіндік береді.
Жуырда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері «Президенттік жастар кадрлық резерві» жобасын Сингапурда таныстырды.
Азия-Тынық мұхит аймағының 9 елдері, соның ішінде, Қытай және Үндістанның қатысуымен өткен 8th Temasek Foundation International Governance & Public Administration Programme бағдарлама барысында жаңа жобаның артықшылығы айтылды. Қатысушыларды Президеттік жастар кадр резервін құру, іріктеу үрдістері мен олардың ашықтығы, Қазақстанның талантты жастарды мемлекеттік қызметке тарту бойынша тәжірибесі қызықтырды.
Сингапур премьер-министрі кеңсесінің лауазымды тұлғасы Лим Пуай-Се Президенттік жастар кадрлық резервін қалыптастырудың өзектілігін айтты. Оның айтуынша, Президенттік жастар кадр резервін құру барысында резервистердің бастамалары мен жобаларын, мемлекеттік басқарудағы жаңа тәсілдерін мемлекеттің дамуы игілігіне енгізе отырып, олардың әлеуетін кеңінен қолдану қажет.