Қарашадан бастап мешіттерде жұма намазын жамағатпен оқуға рұқсат беріле ме?
Қарашадан бастап мешіттерде жұма намазын жамағатпен оқуға рұқсат беріле ме?
290
оқылды

Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындықты қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы Денсаулық сақтау министрі А. Цой, Ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі А. Балаева, Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қ. Өскенбаев, сондай-ақ Павлодар облысының әкімі Ә. Сқақов, Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек баяндады.

Комисия мешіттер мен театрларға қатысты шешімін жариялады:

«Театрлар мен мешіттердің жұмысы бойынша биыл 2 қарашасынан бастап: – 30%-ға дейін толығумен, бірақ залда 100 адамнан асырмай, театрлардың жұмыс істеуіне (әлеуметтік ара қашықтықты, маска режимін, термометрияны, қатаң санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаумен); – жұма намазын қоспағанда, мешіттерде ұжымдық намаз (бес намаз) өткізуге, бірақ залда 100 адамнан асырмай (2 м әлеуметтік ара қашықтықты, маска режимін, термометрияны, қатаң санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаумен) рұқсат етілсін" делінген шешімде.