Ауылда тұратын адам саны азайған соң... аюлар «қоныстана» бастады
Ауылда тұратын адам саны азайған соң... аюлар «қоныстана» бастады
142
оқылды

Жапонияда аюлардың адамға шабуылдауы көбейген.

Жабайы аңдардың адамға шабуылы көбейгендіктен, Жапония үкіметі шұғыл жиын өткізді, ­– деп жазады 24.kz. Жапонияның қоршаған орта министрлігінің мәліметінше, қыркүйектен бері аюлар 63 адамды жарақаттады. Оның екеуі қайтыс болды. Орманды қорғау қоғамының президенті Юко Муротанидің айтуынша, аюлар жейтін азық таппаған соң, халқы аз елдімекендерге жиі келетін болған. Ауыл адамдары аюларға тамақ бермеген жағдайда аюлар адамдарға шабуылдайды.

Айта кетейік, Алматы облысында «Қонжықтарын қорғаған аюды ата алмаймыз» деген полицейлер аюға сот жоқ екенін айтқан болатын.