200-ден астам ағылшын тілі пәнінің мұғалімі байқауға қатысты
200-ден астам ағылшын тілі пәнінің мұғалімі байқауға қатысты
380
оқылды

Халықаралық мұғалімдер күні қарсаңында British Council қазақстандық ұстаздар арасында «Ағылшын тілі пәні бойынша ең үздік видеосабақ» онлайн байқауын өткізді. Конкурс Маңғыстау облысында «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен English for Success жобасы аясында өткізілді.

«Теңізшевройл» компаниясы көптеген жылдар бойы өзінің әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында әртүрлі саладағы жобаларды, соның ішінде білім беру саласындағы жобаларды да қаржыландырып келеді. Биыл COVID-19 пандемиясы кезінде  компания мен Британдық Кеңес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің видеосабақтардың сапасын жақсарту бастамасын қолдап, Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі мұғалімдеріне арналған жобаны қолға алды. Нәтижесінде 200-ден астам ағылшын тілі пәнінің мұғалімі жарысқа қатысуға өтініш білдірді. Барлық қатысушылар Уорик университетінің (The University of Warwick) қолданбалы лингвистика орталығының директоры Пенни Мосавиан ханымның вебинарын тыңдады. Дайындықтан өткен қатысушылар өздерінің видеосабақтарын жазды. Финалға 30 мұғалім, оның ішінде 12-сі ауыл мектептерінен іріктелді. Олар қосымша вебинарлар мен түрлі сессиялардан өтті. Бейне мен дыбыстың сапасын жақсарту үшін оларға видеокамера, құлаққап пен микрофондар сыйлыққа берілді. ағылшын тілі Байқаудың нәтижесінде бір топ мұғалімнің еңбегі бағаланып, жүлделі орындарға ұсынылды. Үшінші орынға лайықты деп Жанар Бақтыгереева, Әсел Халықберген, Аманбибі Қошанова, Шолпан Ерполатова, Анар Ахмадиева, Айгүл Еңсепова, Ирина Купреева лайық деп танылды. Ал Инга Құдайбергенова, Тея Кирия, Татьяна Фоменко, Татьяна Жукова, Айгүл Қошанова екінші орыннан көрінді. Бас жүлдені Ұлдана Наурызбаева, Маржан Бегенова, Тамара Черешко жеңіп алды. Жүлдегерлердің барлығына ноутбук, планшет пен электронды кітап табысталды. Жеңімпаздардың видеосабақтары әріптестеріне жұмыс орны мен тұрғылықты жеріне қарамастан жақсы көмек болмақ. – Бұл күндер біз үшін табысты әрі қызық болды. Оқыту мақсаты мен сабақ мақсатының айырмашылығын түсіндім. Видео үсіріп, YouTube-те аккаунт ашуды үйрендім. Өзіме сенімділігім артып, әрі қарай осы бағытта жұмыс істеуге, яғни балаларға арналған видеолар түсіруге жігерлене түстім. Бұл маған қатты ұнады! Осының барлығы Британ кеңесінің жобасы мен командасының арқасында іске асты, – деді Алматы қаласы НЗМ мұғалімі Жалия Жайдақбаева.