Аймақтағы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, карантин уақытында интернет арқылы тауар сатып алатындар саны күрт өсті.
Мұны киберқылмыскерлер тиімді пайдаланған.
Интернеттегі алаяқтардан зардап шеккендер 1,5 есе артты.
ШҚО ПД бастағы Сағат Мәдиев: «Әрбір екінші қылмысты облыстан және республикадан тыс жерде отырғандар жасаған. Қабылданған шаралар нәтижесінде 50 алаяқ ұсталып, олардың 107 қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды», – деді.
Аймақта Hi-tech жедел алдын алу шарасы әлі де жалғасып жатыр.