Қазанның соңғы күндері Қазақстанда күн суытады деп күтіліп отыр,– деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Ауа-райы болжамына сәйкес, 29-31 қазан күндері алдымен батыста өңірде, содан кейін солтүстік облыстарда жаңбыр мен қар жауады, температура климаттық нормаға дейін төмендейді.
Сонымен қатар, 29 қазанда еліміздің бірнеше аймағында дауылды ескерту жарияланды. Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді деп күтіліп отыр. Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.