Карантинде жүйкесі жұқарғандар көбейген  
Карантинде жүйкесі жұқарғандар көбейген  
261
оқылды

«Қызыл Крест» ұйымының зерттеуінше, пандемия кезінде әрбір екінші адам күйзеліске ұшыраған.

Халықтың психикалық жай-күйін зерттейтін ғылыми ұйымның дерегінше, call-орталықтарға қоңырау шалып, күйзеліске түскенін айтатындар көбейген.

ДСМ Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Николай Негай: «Біздің қоғамда басым көпшілігі психологқа баруға батылы жетпейді. Сондықтан арнайы сайтты іске қостық. Карантиннің алғашқы кезінде-ақ сайтқа кіріп, жағдайын айтқысы келетіндер күрт көбейді», – дейді.

Ел арасында жүйкесі жұқарғандар мен ұйқысы қашып, жиі ашулантындар көбейген.