ХҚТУ-дың алдағы межесі халықаралық рейтингте орнын көтеру
ХҚТУ-дың алдағы межесі халықаралық рейтингте орнын көтеру
203
оқылды

Түркі әлемінің жастарының ортақ шаңырағына айналған Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде 19 елден келген 40-тан астам ұлт пен ұлыстың жас буын өкілдері білім алуда. Жыл басында Ерекше мәртебеге ие болған жоғары оқу орны енді әлемдік ең үздік университеттер қатарынан орын алуды мақсат тұтады. Университет ректоры Болатбек Серікбайұлы Абдрасилов осы мақсатта жүргізіліп жатқан шаралар мен атқарылып жатқан жұмыстарды көпшілік алдында таныстырды.

Еліміздің ғана емес  әлемнің түкпір-түкіпірінен келіп білім алатын оқу орданың тыныс-тіршілігі карантин уақытында еселене түспесе, тоқтаған жоқ. Білімгерлер қашықтықтан білім алып жатқанымен басшылық, ұстаздар мен университет қызметкерлері болашақ үшін тынбай еңбек етуде. Қазанның 28 жұлдызында өткен университет ректорының 2019-2020 оқу жылында атқарылған жұмыстары бойынша өткізген  есеп беру жиынында  оқу орданың тыныс-тіршілігі қызықтырған халықтың қарасы көп болды. Жиынға облыс және қала әкімдік өкілдері, облыс және қала мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, университет оқытушы-профессорлары мен қызметкерлері, ата-аналар мен студенттер офлайн және  университеттің әлеуметтік желілері арқылы онлайн режимде қатысты. ХҚТУ Университет ректоры қазіргі елдегі карантинге байланысты білімгерлердің қашықтықтан білім алуына алаңдаған ата-аналар мен көпшілікті мазалаған сұрақтарға жауап беру және университеттің алдағы қойған мақсаттары мен атқарылған жұмыстарды көпшілікке таныту мақсатында бір жылдық атқарылған жұмыс барысын баяндады. Есеп нақты статистикаға негізделіп және оқу процесінің өту барысы тікелей бейнероликтер арқылы көрсетілді. Айта кетсек, оқу орнының жетістіктері, материалдық-техникалық базаны дамыту, университет инфрақұрылымы, қаржыны игеру, жалақы мәселесі, контингент, қашықтықтан білім беру жүйесінің барысы,  ғылым саласы, университеттің клиникалық-диогностикалық орталығының қызметі, тағы да басқа да салалардың жұмыстары қамтылды. Сонымен қатар табиғат апатына ұшыраған Арыс пен Мақтааралға университет көмек қолын созып, 10 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті және пандемия кезінде науқастанған университет қызметкерлеріне емдік шара үшін қыржылай-материалдық көмек көрсетілгенінде айта кеткен жөн. Ректор баяндамасындағы маңыздылардың бірі ол, бүгінгі таңда білімгерлерге қашықтықтан білім беру сапасы туралы айтылғаны. Тарқатып айтсақ, дүниежүзінде орын алған індетке байланысты 2019 жылғы 16 наурыздан бастап университеттің оқу процесі толықтай қашықтықтан оқыту жүйесіне көшірілді. Осыған орай, көпшілікті алаңдатқан білімгерлерге қашықтықтан білім беру сапасына да тоқтап өтті. Университетте 5 жылдан бері сəтті жұмыс жасайтын Түркия Республикасының ең озық қашықтықтан оқыту жүйесі ТурТЕП негізінде қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша барлық оқу түрі онлайн жүйесіне уақтылы әрі сапалы көше білді. ХҚТУ Ректор атап өткендей, 800-ден астам пән  бойынша 1000-нан астам оқытушы-профессор құрамы дәріс жүргізіп,  10 000-ға жуық білімгер білім алып жүр.  Университетте  қашықтықтан оқыту жүйесін сапалы жетілдіру мақсатында серверлер жүйесін жаңартып, интернет жылдамдығы арттырылды. Кампустар мен жатақханалар кең жиілікті интернет желісімен қамтамасыз етілді. Бір уақытта орташа есеппен 6000 қолданушы жүйеде жұмыс жасауына мүмкіндік жасалынды. Сондай-ақ, Болатбек Серікбайұлы университеттің стратегиялық даму жоспарымен таныстырды. Атап айтқанда, еліміздегі үздік он жоғары оқу орындарының қатарына енген университетімізді әлемдік үздік оқу орындарының деңгейіне көтеру, жаңа мамандықтар ашу, 2021 жылы студенттік универсиада өткізу, жатақхана салу, басқа да маңызды атқарылатын жұмыстарды жоспарлап, бірқатары осы жылы басталып жатқанына тоқталып өтті. Шара барысында ректорға онлайн және офлайн түрінде сұрақтар қойылды соның бірқатарына тоқтала кетсек. Қалалық мəслихат депутаты, Түркістан педагогикалық колледж директоры Айдос Аппазов университеттің мүмкіндіктерін айта отырып, колледж мұғалімдерінің білімін арттыру мақсатында магистратурада оқыту үшін квота қарастыруды, бірлескен əдістемелік бірлестік құруды,  сонымен қатар университеттің ІТ мамандары соңғы цифлық технологияларды игеруге колледж мамандарына көмек берсе деген өтінішін білдірді.  Ректор А.Аппазовтың ұсыныстары мен өтініштерін қолдап, университет тарапынан  көмек көрсетуге дайын екендігін жеткізді. Қалалық əйелдер кеңесінің төрайымы Ұлжан Мұстафаева  университетте қызмет ететін көп балалы аналарға  қандай көмек көрсетіліп жатқандығын сұраса, Іскер əйелдер кеңесінің төрайымы Индира  Ғаппарқызы сабақтан тыс уақытта студенттердің қалай уақыт өткізетіндігі қызықтырды. Ректор қойылған барлық сұрақтарға тұщымды жауап қайтарды. Жиында өзге де шараға қатысушылар, ата-аналар бір жылда университетте атқарылған жұмыстармен танысып, оң бағасын беріп, алғыстарын білдірді. Айта кетейік, ағымдағы жылғы 15 қаңтарда Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың  Жарлығымен университет Ерекше мәртебеге ие болды. Университеттің ерекше мәртебесі  үлкен академиялық және басқарушылық дербестік бере отырып, Ph.D. философия докторы мен сала бойынша доктор дәрежесін дайындауға, білім беру бағдарламаларының мазмұнын анықтауға және жеке үлгідегі дипломдарды беруге мүмкіндік берді. Бұл профессорлық-оқытушылық құрамның жалақысын 75%-ға, қызметкерлердің жалақысын 30%-ға арттыруға және материалдық-техникалық базаны жаңартуға мүмкіндік берді. Бұл шаралардың барлығы университетке ғылыми және педагогикалық кадрларды тартуға, осы аймақтың дамуына серпін беріп, оның алдына қойылған мақсаттарға жетуге ықпал етуде. Университетте 19 елден келген 40 астам ұлыстар мен ұлттардың  1500 жуық өкілдері білім алады. Түркия, Болгария, Венгрия, Албания, Босния, Герцеговина, Косово, Əзірбайжан, Ресей елдерінің студенттері еш кедергісіз университеттің қашықтықтан оқыту жүйесі арқылы білім алуда. Қазіргі қашықтықтан білім беру жүйесінің сапасы соңғы нәтижелер көрсеткендей дәстүрлі білім беруден жоғары болмаса, кем еместігін көрсетіп отыр.