Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Серебрянск қаласының әкімі 29 қазаннан бастап отставкаға кетті.
Бұл туралы Устинка LIVE жергілікті басылымы жазды.
Дереккөздің жазуынша, әкім денсаулығына байланысты отставкаға кетуге шешім қабылдаған. Сергей Гордиенко қаланы 14 жылдан аса уақыт басқарған.
«Елмен бірге көп нәрсеге қол жеткіздік. Қаншама қиын кезеңнен де өттік. Қала басшысы ретінде менің міндетім – елге қызмет ету болды деп ойлаймын. Өз міндетімді шамам келгенше орындадым. Енді Серебрянск әрі қарай дамыту үшін ерік-жігері мықты, еңбекқор жастар керек. Маған қолдау көрсеткендеріңіз үшін рақмет!» – деді Сергей Гордиенко.