Соңғы екі аптада 8 лауазымды тұлға ұсталды
Соңғы екі аптада 8 лауазымды тұлға ұсталды
109
оқылды
Өткен 2 апта ішінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі 80-нен астам (85) тергеуді тіркеді. 8 лауазымды тұлға ұсталды, 6 тұлғаға қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды. 14 қазанда Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» ММ басшысының міндетін атқарушы мен компания директорына қатысты Ақмыш шатқалы ескерткішін абаттандыруға бағытталған ақшалай қаражатты ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Кінәлі тұлғалар мойындау түсініктемесін берді. Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасуда. Одан бөлек, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК Талдықорған өңірлік филиалының басшысына қатысты пара беруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Филиал басшысы 26 қазанда оған мүдделі тұлғаны әскери қызметке жарамсыз деп танығаны және тиісті әскери билет бергені үшін 425 000 теңге сомасында пара беруге оқталу бойынша күдікке ілінді. «Қазақстан темір жолы» Павлодар филиалдары бірінің басшысына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылық жасау күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Ол өзіне ведомстволық бағынысты бөлімшелердің басшыларынан жалпы сомасы 250 мың теңгеге ақша қаражатын заңсыз алуда күдікке ілінді. Тергеу жалғасып жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы департаменті пара алу күдігімен ҚР Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдері бірінің лауазымды тұлғасын әшкереледі. Ол әскери қызметшілерді әртүрлі лауазымдарға тағайындау және ауыстыру туралы мәселені шешкені үшін бірнеше рет пара алу күдігіне ілінді. Күдікті 21 қазанда ҚР ҚПК 128-бабы тәртібімен ұсталды. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» КММ басқармаларының бірі басшысының міндетін атқарушысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді басталды. Ол шарттары бұрын нақты орындалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқаны үшін мердігер ұйым директорынан 900 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат түрінде пара алу күдігіне ілінді. Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты пандемиямен күреске бөлінген бюджет қаражатын медициналық бұйымдарды жоғары бағамен сатып алу арқылы жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде. Осылайша, мемлекетке 8 730 560 млн теңге сомаға залал келтірілді.